Ғылыми-өнеркәсіптік бастамалар талқыланды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 қыркүйек 2024
  • 354

Ғылыми-өнеркәсіптік бастамалар талқыланды

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Қызылорда облысына сапары аясында жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының делегациясымен бірге ғылым және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты талқылау үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ HR және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры Жанат Өмірбековпен кездесті.
Тараптар ғылыми зерттеулерді интеграциялау перспективаларын, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірісінің өзекті қажеттіліктерін және оларды озық ғылыми жетістіктердің көмегімен шешу мүмкіндіктерін талқылады. Сапар аясында Хорасан-1 және Хорасан-2 уран өндіретін кеніштеріне барды.

329.jpeg

330.jpeg

331.jpeg

Кездесу ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында өткізілді. Кездесудің мақсаты ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыттарын қалыптастырудың жаңа тетіктерін әзірлеу, нақты экономиканың сұраныстары мен қажеттіліктерін шешу, ғылым мен бизнес арасындағы кооперацияны жақсарту, сондай-ақ экспортқа бағдарланған жаңа өнім өндіру үшін коммерцияландыру жөніндегі жобаларды ілгерілету болды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында 20-21 қыркүйекте ғылыми-технологиялық хакатон өтеді. Онда  жетекші ғалымдар компанияның нақты өндірістік міндеттерін шешу үшін жұмыс істейтін болады. Хакатон ғылыми-технологиялық идеяларды қалыптастыру және ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған шешімдерді әзірлеу алаңына айналады. Сондай-ақ қазақстандық өнеркәсіп пен жалпы ғылымды дамытудың жаңа векторын белгілейді.

332.jpeg

333.jpeg

 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...