Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Қызылордада халықпен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 қыркүйек 2024
  • 570

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Қызылордада халықпен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Жұмаханұлы Қызылордаға іссапармен келіп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сыр өңірі жұртшылығымен кездесті.  Дархан Жұмаханұлы халықпен кездесуде 2024 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырып, алдағы жоспарларды баяндады.

IMG_20240919_112549_700.jpg

“Биыл мемлекеттік грант саны 93 952 құрап, шәкіртақы көлемі бакалавриат 20 пайызға, магистратура, докторантура бойынша 15 пайызға артты. Сонымен қатар, өзекті мәселелердің бірі жатақхана құрылысы кезең-кезеңімен шешімін табуда. Қазіргі таңда 10 576 орындық 27 жатақхананың құрылысы жүруде. Бұдан бөлек, елімізде 9 шетелдік жоғары оқу орнының филиалы ашылды”, - деді вице-министр.

Дархан Жұмаханұлы еліміздегі жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жұмыс жоспарына тоқталды. Атап айтсақ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің негізгі қорытындылары, педагогтарды даярлау, инженерлік білім берудің ұлттық моделі, студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары, жастарды әлеуметтендіру және тәрбиелеу, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту, әлемдік цифрлық кітапханалар мен платформаларғақолжетімділік, ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделі, ғылыми әлеуетті арттыру, коммерцияландыру жобаларының нәтижелері, тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы.

IMG_20240919_112549_578.jpg

IMG_0959 — копия.jpg

Кездесуден кейін жеке қабылдау ұйымдастырылды. Вице-министр ғылым мен жоғары білімге қатысты негізгі мәселелер бойынша өтініштер мен ұсыныстарды тыңдап, сұрақтарға жауап берді.

IMG_0946 — копия.jpg

Қазіргі таңда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ғылыми-зерттеу жұмысынан түскен табыс 5 есе өсті. Оқу орнында 30 ғылыми жобаның 23-і  Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы аясында орындалуда. Университеттің 3 ғалымы мемлекеттік ғылыми стипендиялардың иегері атанып, 3 ғалым Ұлттық ғылыми кеңестің құрамына кірді. Сондай-ақ, "500 ғалым" жобасы аясында былтыр 13 оқытушы шетелде тағылымдамадан өтсе, биыл тағы 6 оқытушымыз  шетелде ғылыми тәжірибе алмасуда. Үш жылдан бері жас ғалымдардың ғылыми ізденістерін қолдау мақсатында жалпы сомасы 10 млн.теңге құрайтын университеттің ішкі гранты бөлініп келеді. Ал биылдан бастап грант көлемі 20 миллионға көтерілді. Бұдан бөлек әлемдік мықты журналдарда жарияланымдары жарық көрген ғалымдар үшін материалдық қаржыландыру көздері қарастырылған.

IMG_20240919_112716_435.jpg

_MG_1073.jpg

Айта кетейік, вице-министр Дархан Ахмед-Заки Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 20 қыркүйек күні "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ бірлескен ғылыми-техникалық хакатон өтетін айтты. Басқосудың негізгі мақсаты – ғылым нәтижелерін өндіріске жақындату.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...