Университетте Конституция күніне арналған конференция өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 тамыз 2024
  • 756

Университетте Конституция күніне арналған конференция өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Конституциялық және мемлекеттік-құқықтық даму мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жиында философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер секциясының аға оқытушысы, саяси ғылымдарының кандидаты Ербол Абенов, экономика және басқару білім беру бағдарламасының жетекшісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлмира Рысмаханова, комплаенс-офицер Алибек Жаппасбаев және құқықтану білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, заңтану магистрі Жадыра Шүкенова баяндама жасады.

IMG_8561.JPG

IMGL7499.jpg

IMGL7488.jpg

«Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте негізгі болып табылатын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен тәртіпті сақтау үшін жағдай жасау көзделген. Бұл елімізді дамытуға бағытталған негізгі қадам», - деді комплаенс-офицер Алибек Жаппасбаев.
Баяндамашылар конституциялық реформаның маңыздылығына, даму эволюциясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шараларға тоқталды. 

Жиынға профессор-оқытушылар құрамы қатысып, конференция соңында өзара пікір алмасты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...