Жоғары білім беруді интернационалдандыру
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 18 маусым 2024
  • 767

Жоғары білім беруді интернационалдандыру

14 маусымда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Білім беруді интернационалдандыру стратегиялары мен тәжірибелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті.

Конференция «Қазақстандағы жоғары білім беруді интернационалдандыру негізінде білім алушылардың лингвомәдени құзыреттіліктерін дамыту» атты гранттық ғылыми жоба аясында ұйымдастырлыды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Қазақстандағы жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың бірі болып COIL платформасына мүшелікке еніп, ынтымақтастық орнатылған шетелдік университеттермен қазақ-орыс және қазақ-ағылшын тілдерінде бірлескен оқу бағдарламасын әзірледі.

Шетелдік серіктес университеттердің студенттері және оқытушыларымен өзара әрекеттесу студенттердің лингвистикалық, мәдени және мәдениетаралық құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етті.

COIL платформасына мүше болған университет ретінде, отандық басқа жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу жұмыстарын іске асырылды.

Конференцияның мақсаты келесі негізгі бағыттар бойынша тәжірибе алмасу және талқылау болды:

- білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу қызметін интернационалдандырудың озық тәжірибелері мен тәсілдерін талқылау;

- жоғары білімді интернационалдандырудың қазіргі тенденцияларын талқылау;

- жоғары оқу орындарында интернационалдандыруды дамытудың стратегиялық бағыттарын анықтау.

Конференцияның салтанатты ашылуы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, жоба жетекшісі Б.С.Каримованың баяндамасымен басталды.

Б.С.Каримова студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, халықаралық оқу бағдарламалары мен ғылыми тағылымдамадан өту, ғылыми серіктестіктер мен жаһандық академиялық интеграция сияқты аспектілерді қамтитын жоғары білімді интернационалдандыруды дамытудың қазіргі тенденциялары мен мүмкіндіктерін атап өтті.

310.jpeg

 

311.jpeg

 

ҚР Жоғары білім және ғылым министрінің кеңесшісі Фатима Жақыпованың «Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі: халықаралық тәжірибе және ұсынылатын әдістеме» туралы баяндамасы үлкен қызығушылық тудырды. Ф.Н.Жакыпова жоғары оқу орындарының халықаралық және ұлттық рейтингісінің сапасын жақсарту мақсатында академиялық саралау мен үстемдік бойынша Халықаралық обсерватория (IREG) маңыздылығына тоқталды.

Ал М.Тынышбаев атындағы ALT Университетінің Президент-Ректоры Салтанат Амиргалиева баяндамасында халықаралық серіктестік арқылы «Т ұрпағын» дамытуға,  халықаралық серіктестік жұмыстарының тиімділігіне назар аударды.

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінің (МГИМО) экономика факультетінің деканы Евгений Погребняк өз баяндамасында білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық, цифрлық дағдыларды бәсекеге қабілетті деңгейде қалай дамыту керектігі туралы айтты.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Интернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры Жайлаугүл Сағындықова өз баяндамасында тұрақты серіктестік туралы баяндама жасап, шетелдік серіктестерді табуда қажетті ұстанымдарға тоқталды.

EdD Бағдарламасының директоры, Ратгерс Жоғары білім беру мектебі, Нью-Брансуик университетінің PhD докторы Таня Кармел Сарджент жаһандық желі бастамасы, виртуалды алмасу бастамасы жайында баяндама жасады.

Конференцияның басты назары мына мәселереге аударылды - интернационалдандырудың маңыздылығы туралы білім мен түсінікті кеңейту, интернационалдандыру стратегияларын жүзеге асыру бойынша нақты әрекеттерді анықтау.

312.jpeg

 

«Білім беруді интернационалдандыру стратегиялары мен тәжірибелері» атты конференция білім беру көшбасшыларына, мұғалімдерге, зерттеушілер мен студенттерге интернационалдандырудың маңызды аспектілері мен тенденцияларын талқылауға, өздерінің бағдарламалары мен бастамаларын жақсарту үшін шабыт пен практикалық шешімдер табуға бірегей мүмкіндік берді.

Жоғары білімді интернационалдандыру білім беру ортасындағы халықаралық интеграция мен ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған стратегиялар мен тәжірибелерді енгізу мен дамытуды қамтиды.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...