Қызылорда университеті мен Сеултех қос диплом бағдарламасын іске қосуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 12 маусым 2024
  • 1300

Қызылорда университеті мен Сеултех қос диплом бағдарламасын іске қосуда

2025 жылдан бастап Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері қос диплом бағдарламасы бойынша Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінде (СеулТех) оқитын болады. Мұндай мүмкіндік университеттер арасындағы Қазақстандық және Корей студенттері үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын келісімнің арқасында пайда болды.

Бүгін Корея Республикасы Президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Астана қаласында Инвестициялар және бизнес, ғылым және білім беру саласында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Осы іс-шаралар шеңберінде Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасында "AI architect", "Data management" сияқты білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат деңгейінде кадрлар даярлау туралы екіжақты келісімге қол қойылды.

297.jpeg

296.jpeg

Студенттер қос диплом ала алады – СеулТехтен және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінен. Осы бағдарлама бойынша оқуға қабылдау 2025-2026 оқу жылынан басталады. Бағдарламаны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебіне түскен студенттер пайдалана алады. Келісім аясында студенттер Қазақстанда алғашқы төрт семестр оқиды, содан кейін келесі төрт семестр Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінде оқуды жалғастырады.

Бағдарламаға қатысушылар екі университеттің академиялық талаптарын, соның ішінде міндетті және таңдамалы курстарды орындауы керек. Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу академиялық және тілдік құзыреттер, мәдениетаралық коммуникация дағдылары негізінде жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы академиялық байланыстарды тереңдетуге, студенттердің мәдениетаралық құзыреттілігін дамытуға және олардың халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Студенттердің бірінші тобы осы бағдарлама аясында 2025 жылдың қыркүйегінде оқуға кіріседі. Жоғары оқу орындары ректорларының кездесуінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы - ректоры Бейбіткүл Кәрімова: "Біз СеулТехпен ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастауға қуаныштымыз, ол студенттеріміздің алдында халықаралық білім алу және мәдени алмасу үшін бірегей мүмкіндіктер ашады", - деп атап өтті. Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің президенті Дон Хван Ким өз тарапынан: "Шартқа қол қою біздің академиялық байланыстарымызды нығайтады және екі елдің студенттері үшін жаңа көкжиектер ашады. Біз бұл бағдарламаны іске асыруды асыға күтеміз".

298.jpeg

299.jpeg

Осылайша, Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект сәулетшілері мен деректерді басқару жөніндегі мамандар даярланады. Елімізге күнделікті қызмет пен бизнес-процестерге ЖИ енгізе алатын, Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарта алатын жоғары білікті кадрлар қажет. Сондықтан әлемдік технологияларды білетін адами капиталды қалыптастыру жаһандық білімсіз және халықаралық ынтымақтастықсыз мүмкін емес.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...