- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
TECHNOWOMEN KYZYLORDA: KEYS TO SUCCEED атты аймақтық форум өтті
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында TECHNOWOMEN KYZYLORDA: KEYS TO SUCCEED атты аймақтық форум өтті. Форумды "TechnoWomen" коммерциялық емес ұйымы, кәсіпкерлік пен бизнес-ортаны дамыту жөніндегі USAID жобасы аясында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия және ҚР Ғылым және жоғары білім, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірігіп ұйымдастырды.
Іс-шара әйелдерді технологиялық индустрияларға тартуға, әйел кәсіпкерлерді цифрлық трансформация және электрондық коммерция, сондай-ақ, стартап-қозғалыс мәселелері бойынша ақпараттандыруға бағытталған шабыттандыратын шеберлік сыныптары мен білім беру тренингтерін ұйымдастыру мақсатын көздейді.
Форумның кіріспе сөзін сөйлеген «TechnoWomen» ұйымының Басқарма төрағасы, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының негізін қалаушы - Азиза Шужеева: «Бүгін біз жаңа мүмкіндіктер, жаңа иновациялар мен технологиялар туралы айтатын боламыз. Форумға қатысушы әйелдер қауымына қорықпай іс бастауға, жаңа идеяларды ортаға қою жолында белсенді болуға шақырамыз» - деді. Одан әрі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Абдрашева Дана Мейрамқызы форумға қатысушылар мен спикерлерге келгендері үшін рақмет айтып, оқу орнының IT саласындағы базалық мүмкіндіктерін ауқымды баяндап берді.
Спикерлер қатарынан орын алған Сеул Ұлттық Ғылым және технология университетінің профессоры, LUPIC жобасының директоры Джесу Ким жастарға арналған жасанды интеллект туралы ақпарат беріп өтсе, «MacDent» ЖШС IT-компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Мақпал Оразқызы табысты стартаптың құру жолдарын түсіндірді.
Өз кезегінде сөз алған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті әйелдер көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығының басшысы Гүлзира Бекқалиеваның баяндамасы әйелдердің көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталды.
Сондай-ақ, «TechnoWomen» ұйымының Басқарма мүшелері Бикеш Құрманғалиева жасанды интеллект саласының болашақ мамандықтарына шолу жүргізсе, Алуа Көрпебаева бизнес бастауға қажетті қадамдарды мысалдармен түсіндірді. Аталмыш ұйымның мүшесі, «FORTENUR CONSULTING» негізін қалаушы-Нұргүл Бексұлтанова қаржылық сауаттылық жайлы кеңес берді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмұрзаев пен Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының басшысы ЖанарысТубекбаев та спикерлер қатарынан табылып, қызықты да пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Форумда танымдық ақпарат, қажетті кеңестермен қатар, қатысушылар арасында сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, сыйлық таратылды.
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...