Кіші Аралды құрғақшылықтан құтқару маңызды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 сәуір 2024
  • 963

Кіші Аралды құрғақшылықтан құтқару маңызды

Швециядағы Лунд университетінің философия докторы, Су ресурстары және экология жөніндегі халықаралық сарапшы Осама Али Махер Арал өңірінің экологиялық мәселесіне, халық денсаулығына алаңдаушылық білдірді. 

IMGL8608.jpg

IMGL8580.jpg

Бұл туралы сарапшы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл  Каримовамен кездесуде айтты.

«Кіші Аралды суландыру өте маңызды мәселе. Себебі бұл өңірде күн қатты ыстық, салдарынан  топырақ тұзданады, теңіз түбіндегі тұз да ауаға тарайды. Бұл құрғақ жерге өсімдік отырғызу өз нәтижесін беермейді, егер суару мүмкіндігі болмаса.

 Жер астындағы суды егістікке пайдалансақ құрғақшылдық арта түседі. Арал теңізі тартылуына байланысты жер бедері өзгеріске ұшырған. Бұл әлемдік экологиялық катастрофаға әкелуде.

IMGL8612.jpg

IMGL8635.jpg

IMGL8648.jpg

Біз Арал экологиясына қатысты барлық зерттеулерді жинақтап, таныстық. Ол аймаққа халықаралық зерттеу жүргізу қажет. Аралдың экологиялық мәселесі баршамызға ортақ. Әсіресе Кіші аралды толтыру мәселесіне Сырдария өзені өтетін 6 мемлекет бей-жай қарамай, бірігіп шешу жолын қарастыруы қажет» деді, Осама Али.

Университет қонағы жуырда ғана ашылған Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығының жұмысымен танысып, оң бағасын берді. 
Өз кезегінде Бейбіткүл Сәрсемханқызы, сарапшының өзекті тақырыпты зерттеп жүргені үшін алғысын білдірді. 

Университет ғалымдары Арал экологиясының мәселелерін шешуге өз үлестерін қосуға, бірлесіп еңбек етуге қашанда әзір екенін жеткізді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...