Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс (НИОКР) аясында қосымша қаржы тартылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 05 сәуір 2024
  • 884

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс (НИОКР) аясында қосымша қаржы тартылды

"Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-і тапсырысы негізінде орындап жатқан "Жерасты шаймалау ұңғымаларын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары үшін реагент ретінде фтор-сутек қышқылын тәжірибелік өнеркәсіптік сынау" тақырыбындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысы аясында  зертханалық талдаулар жүргізуге қосымша 4 000 000,00 (төрт миллион) теңге қаржы  бөлінді.
«Жоғары технологиялар институты» ЖШС Қазақстан Республикасының уран саласы дамуының тиімді ғылыми негізде үйлестіруші инфрақұрылымы, инновациялық дамудың стратегиялық міндеттерін, өндірістерді технологиялық жаңартуды, өндірілетін ғылымды қажетсінетін өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін түбегейлі көтеруді, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешетін кешенді салалық ғылыми институт болып табылады.

244.jpeg

245.jpeg

«Жоғары технологиялар институты» ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ-ы.
Аталған Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс (НИОКР) 2023 жылдың қараша айынан бастап орындалуда.  Жобаның ғылыми жетекшісі: химия ғылымдарының кандидаты Нұрбол Аппазов. Жобаны орындау мерзімі: 1 (бір) жыл. Жоба құны: 10 000 000,00 (он миллион) теңге.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...