Студенттер сот қызметкерлерімен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 ақпан 2024
  • 1116

Студенттер сот қызметкерлерімен кездесті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің мәжіліс залында тақырыбындағы сот қызметкерлерімен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық» тақырыбындағы сот қызметкерлерімен кездесу өтті.

Жиынды Басқарма мүшесі-әлеуметтік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор Жандос Базартай жүргізіп, Қызылорда облысы кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соты төрағасы А.Сабыров «Ұлттық тәрбие құндылығы» тақырыбында баяндама оқыды және Сот әкімшісінің басшысы Д.Тайыров әкiмшiлiк құқық бұзушылық және қылмыстық iстер бойынша статистикалық мәлiметтердi келтірді.

 

234.JPG

 

235.JPG

 

Кездесудің негізгі мақсаты жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу болып табылады.

 

236.JPG

 

237.JPG

 

Еск сала кетейік, аталған кездесуді Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соты мен «Құқықтану» БББ аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі А.Муйденова арнайы ұйымдастырды. Бас қосу соңында студенттер өздерінің сауалдарын қойып, заі өкілдерімен пікір алмасты.

 

Диляра Қалдыбек, журналистика мамандығының студенті

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...