Ғалымдар өнеркәсіпте фторсутек қышқылын сынап көрді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 ақпан 2024
  • 1264

Ғалымдар өнеркәсіпте фторсутек қышқылын сынап көрді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары Жаңақорған ауданындағы «Харасан-2» кен орнында болды. Жоғары технологиялар институтының тапсырысы негізінде «Жерасты шаймалау ұңғымаларын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары үшін реагент ретінде фтор қышқылын тәжірибелік өнеркәсіптік сынау» тақырыбында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүргізді. Аталған кен орны  өндіру жұмыстары бойынша Қазақстандағы ең терең кеніштердің бірі. Ол 700 метр тереңдікте орналасқан кен горизонттарынан жүзеге асырылады.

WhatsApp Image 2024-02-01 at 12.24.09.jpeg

- «Байкен-U» ЖШС-ге тиесілі «Харасан-2» кеніші табысты кеніштің бірі болып табылады. Себебі кенді горизонттан шығару 90 пайызды құрайды. Солтүстік Харасанда өндіріс жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру әдісімен жүзеге асырылды. Аталған жобаның мақсаты – табиғи уранды жер бетіне шығармай тереңдікте өнімді ерітіндіге айналдыру арқылы дамыту. Кеніштерді дамытудың технологиясы кез-келген шаң көздерін толығымен жоққа шығарады және радиоактивті ластану қаупін азайтады, дейді жобаның ғылыми жетекшісі Нұрбол Аппазов.

WhatsApp Image 2024-02-01 at 12.24.11.jpeg

WhatsApp Image 2024-02-01 at 12.24.13 (1).jpeg

Аталған жобаны жүзеге асыру барысында технологиялық жабдықта  арнайы әдіспен декольматизация ерітіндісін қолдану  жүргізіледі. Инновациялық әдіс ұңғыманың сүзгі аймағын тікелей декольматизациялық ерітіндімен өңдеуді және қабаттағы жауын-шашынның алдын-алуды. Әдісті пайдалану блоктарының өнімділігін арттыруды және кеуекті ортада шөгудің алдын алу және жою арқылы олардан металды алудағы толықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, әртүрлі тау-кен геологиялық блоктарынан уранды ұңғымалық өндіру процесінде күкірт қышқылы, электр энергиясы, еңбек және басқа да өндірістік-меншікті шығынның төмендеуіне қол жеткізеді.

Ерлан Дамира Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4-курс студенті

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...