AP22685801 «Урбанизация жағдайындағы жыртқыш құстардың экологиясы (Қызылорда қаласы мысалында)»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

AP22685801 «Урбанизация жағдайындағы жыртқыш құстардың экологиясы (Қызылорда қаласы мысалында)»

Sihanova.jpg

 

 
Жобаның жетекшісі 

Сиханова Нұргүл Сағындыққызы
философия докторы (PhD)
 
 
 
Жобаның мақсаты

Қалалық мекендеу орындарындағы жыртқыш құстардың популяцияларын жан-жақты зерттеу деректері негізінде сипаттау және Қызылорда қаласы жағдайындағы сұңқартәрізділердің тұрақты популяцияларын қалыптастыру үшін алуантүрлілігінің қажеттіліктерін қаншалықты қанағаттандыра алатынын бағалау.
 
 
Міндеттері

1. Алғашқы мәліметтерді құрастыру.
1.1. Зерттеу жұмыстарына әдеби талдау жасау;
1.2. Бақылау нүктелерін таңдау;

2. Жыртқыш құстарды есепке алу.
2.1. Популяция құрылымын, ұялайтын және қоректену орындарының ерекшеліктерін, кездесу маусымдылығын бақылау (I);
2.2. Популяция құрылымын, ұялайтын және қоректену орындарының ерекшеліктерін, кездесу маусымдылығын бақылау (II);
 
3. Қызылорда қаласының қалалық ландшафттарындағы бірқатар бақылау бекеттерінде жыртқыш құстардың фаунасының әртүрлілігін тексеру.
3.1. Популяция құрылымын, ұялайтын және қоректену орындарының ерекшеліктерін, кездесу маусымдылығын бақылау (I);
3.2. Популяция құрылымын, ұялайтын және қоректену орындарының ерекшеліктерін, кездесу маусымдылығын бақылау (II);
 
4. Жыртқыш құстардың жыл ішінде таралуының жалпыланған моделін қалыптастыру.
4.1. Популяция құрылымын, ұялайтын және қоректену орындарының ерекшеліктерін, кездесу маусымдылығын бақылау (III);
4.2. Популяция құрылымын, ұялайтын және қоректену орындарының ерекшеліктерін, кездесу маусымдылығын бақылау (IV);
 
5. Қызылорда қаласының мәдени ландшафты жыртқыш құстары фаунасының цифрлық ресурсын әзірлеу.
5.1. Жыртқыш құстардың фаунасын есепке алуда пайдаланылатын платформалардың үздік үлгілерін зерттеу және салыстыру;
5.2. Жаһандық желіге «Қызылорда қаласы мәдени ландшафтының жыртқыш құстар фаунасы» геокеңістіктік платформасының алғашқы нұсқасын енгізу.
 
 

Күтілетін нәтижелер


Қызылорда қаласы жыртқыш құстарының (Falconiformes) популяция құрылымын, ұялау және қоректену орындарының ерекшеліктерін, кездесу маусымдылығын, түр байлығын және алуан түрлілігін стационарлық және мерзімді бақылаулар арқылы биоәртүрліліктің кеңістіктік-уақыттық сипаттамаларын экологиялық бағалау бойынша іргелі жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.

Осы Жобаны іске асыру шеңберінде аз зерттелген аймақтар аумағында (Сырдария өзенінің сол жағалауы, темір жолдың арғы беті, қаланың шеткі бөліктері) Қызылорда қаласындағы жыртқыш құстардың түрлік құрамы мен популяциясы туралы нақты деректер алу үшін кешенді орнитологиялық зерттеулер жүргізу жоспарлануда.

Зерттеу нәтижелері бойынша Web of Science деректер қорында импакт-факторы бойынша алғашқы үш квартиліне енген немесе Scopus деректер қорында CiteScore пайыздық көрсеткіші кем дегенде 50-ге тең журналдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу жариялау жоспарлануда.

Жобаның алынған нәтижелерін Арал өңірінің аймақтық орнитофаунасын түгендеу және мониторинг үшін дереккөз ретінде «Қызылорда облысының биоәртүрлілігі» ГАЖ құруда пайдалану жоспарлануда.

 
Қаржыландыру сомасы
29 853 816 тг
 
 
Орындалу кезеңі
2024-2026 жж.
 
 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...