AP22684471 - «Құрылыстағы объектілердің іргетастарына топырақтың маусымдық қатуының әсерін болдырмау және еріту үшін тиімді технология»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

AP22684471 - «Құрылыстағы объектілердің іргетастарына топырақтың маусымдық қатуының әсерін болдырмау және еріту үшін тиімді технология»

Montaeva.png

 

 
Жобаның жетекшісі 

Монтаева Айнұр Сәрсенбекқызы
жас перспективалы ғалым, "Құрылыс" мамандығы бойынша философия докторы (PhD), құрылыс индустриясының дамуына елеулі үлес қосып келеді.
 
 
Басым және мамандандырылған ғылыми бағыттардың атаулары

«Құрылыстағы объектілердің іргетастарына топырақтың маусымдық қатуының әсерін болдырмау және еріту үшін тиімді технология»
 
Қаржыландыру соммасы
29 935 255 тг
 
Жобаның мақсаты

Қыс мезгілінде соғылатын қадалық іргетастарды орнату кезінде топырақтың маусымдық қатуының әсерін болдырмау және жібіту үшін антифриздік қоспаларды қолдану мүмкіндігін анықтау.
 

Міндеттері


- Қолданыстағы әдістер мен стандарттарды зерттеу және алынған нәтижелердің дұрыстығын талдау;
- маусымдық қатқан топырақтарда қадалық іргетастарды орнату бойынша отандық және шетелдік технологиялардың қазіргі жағдайын талдау;
- зертханалық сынақтар жүргізу: теріс температурада топырақтың физикалық-механикалық сипаттамаларын анықтау үшін үлгілерді қысу және ығысу сынақтары;
- қадалық іргетастарды орнату орындарында маусымдық қатқан топырақты локальды жібіту әдістерін таңдау;
- маусымдық қатқан топырақты жібіту үшін жылуфизикалық, экологиялық және экономикалық талаптарды ескере отырып, химиялық реагенттердің композициялық құрамын әзірлеу;
- қадалық іргетастарды орнату орындарында химиялық реагентті толтырудың оңтайлы қалыңдығын анықтау мақсатында маусымдық қатқан топырақтың жылуфизикалық сипаттамаларын зерттеу;
- уақытқа және химиялық реагентті толтыру қалыңдығына байланысты маусымдық қатқан топырақтың жібіту тереңдігінің өзгеру заңдылықтарын зерттеу;
- қадалық іргетастарды орнату орындарында химиялық реагентті қолданудың ең тиімді технологиялық әдістерін әзірлеу;
- маусымдық қатқан топырақтарда қадалық іргетастарды орнату жағдайында әзірленген химиялық реагенттердің құрамын қолдану бойынша ғылыми-эксперименттік жұмыстарды жүргізу;
- қысқы жағдайларда қадалық іргетастарды сынау үшін берілген жағдайлар мен параметрлері бар Plaxis бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, алдын ала модельденген сынақ тапсырмаларын орындау;
- қысқы жағдайларда жетекші бұрғылаусыз қадамен қадалар сынағы, жетекші бұрғылаумен қадалар сынағы;
- қысқы жағдайларда жетекші бұрғылаумен қадалар сынағы;
- қысқы жағдайларда қадалық іргетастарды орнату кезінде топырақтың қатуын болдырмау үшін антифриздік қоспаларды қолдану арқылы қадаларды сынау;
- ұсынылған химиялық реагент құрамын қолдану арқылы маусымдық қатқан топырақты локальды жібітудің қадалық іргетастардың статикалық жүктемесіне және тұтастығына әсерін сынау;
- қадалық іргетастарды орнату орындарында маусымдық қатқан топырақты локальды жібіту үшін ұсынылған химиялық реагент құрамын қолданудың экономикалық тиімділігін есептеу.
 

Күтілетін нәтижелер


Жоба нәтижелері бойынша маусымдық қатқан топырақты локальды жібіту үшін антифриздік реагентті қолдану бойынша ұсыныстар және топырақтың қатуын болдырмау және үздіксіз құрылыс процесін қамтамасыз ететін жаңа антифриздік реагент құрамы әзірленеді.
 
Сонымен қатар келесі нәтижелер күтіледі:
1. Web of Science және Scopus деректер базасындағы 1, 2 және 3 квартильдерге кіретін импакт-факторы бар шетелдік рецензияланған ғылыми басылымдарда 2 ғылыми мақала жариялау.
2. ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының ұсынған шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда 2 ғылыми мақала жариялау.
 
Орындалу кезеңі
2024-2026 жж.
 
 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...