«GEOCLUВ» ғылыми-зерттеу өлкетану үйірмесі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

«GEOCLUВ» ғылыми-зерттеу өлкетану үйірмесі

Үйірме жұмысының негізгі бағыты – Сыр өңірін жан-жақты зерттеу мақсатында  өлкетанушылық ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру.

 «GEOCLUВ» ғылыми-зерттеу өлкетану үйірмесінің атқаратын міндеттері:

- Сыр өңірінің табиғатының ерекшеліктерін, әлеуметтік-экономикалық жағдайын, жан-жануарларын жан-жақты зерттеп, оқып-үйренуге қажетті ақпараттық  деректерді жинау;

- Облыс және аудан орталықтарындағы мұрағат қорлары мен бұқаралық ақпарат көздерінен  ғылыми-танымдық маңызы бар құнды жазба деректерді жинақтау;

- Бұқаралық ақпарат құралдарындарында және ғылыми-танымдық  журналдарда өлке табиғаты мен жер-су атаулары туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жариялау;

- Сыр өңірінің табиғат ескерткіштерін, табиғи туристік ландшафтарын, табиғатын жан-жақты насихаттау мақсатында ғылыми-практикалық конференциялар, пікір-сайыстар  мен арнайы  оқу-танымдық  экспедициялар  ұйымдастыру;

- Студенттер өлкетану бағытындағы ғылыми-ізденіс жұмыстарына басшылық жасай отырып, диплом жұмыстарына өлкеге қатысты зерттелмеген тың тақырыптарды ұсынып, оларға жетекшілік жасау.

«GEOCLUВ» ғылыми-зерттеу өлкетану үйірмесінің жұмысының құрылымы  мен   мазмұны:

«GEOCLUВ» өлкетану орталығы Сыр өңірінің табиғатының ерекшелігін, әлеуметтік – экономикасын, өлкеміздегі флора мен фаунаның ерекшелігін, сол бағыттағы ғылымның дамуындағы  аймақтың алатын орнын зерттеуді көздейтін үш ғылыми бағыттта жұмыс істейді:

1. География, экология және туризм (г.ғ.к., аға оқытушы Айдаров О.Т.)

2. Әлеуметтік – экономикалық (РһD философия докторы Тоқтағанова Г.Б., география ғылымдарының магистрі Таженова С.Қ.)

3. Өлкенің флорасы мен фаунасы және экологиясы (б.ғ.к., доцент Байкенжеева А.Т., жаратылыстану ғылымдарының магистрі Ерболатов Н.Н.)

Әр бағытқа сәйкес Сыр өңірінің зерттелуі үш кезеңнен тұрады. Мұрағат қорлары мен бұқаралық ақпарат көздерінен, экспедициялық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде әр жыл сайын Сыр өңірінің белгілі бір аумағын жан-жақты оқып үйрену мақсатында далалық экспедициялар, мұрағаттық-мұражайлық, этнографиялық, топонимикалық, географиялық-геоморфологиялық, ботаникалық - зоологиялық зерттеулерге қажетті маңызды деректер жиналады. Камералық өңдеу кезеңінде жиналған ақпараттық деректер талданып, бір жүйеге келтіріліп, ой қорытындылары шығарылады. Жұмыс нәтижелерін қорытындылау кезеңінде жинақталған құнды материалдар ғылыми-көпшілік басылымдарға беріліп, ғылыми-практикалық конференциялар, арнайы жинақ немесе монография  ретінде бастырылып шығарылады.

Тәжірибелік маңызы

Туған өлкенің табиғат жағдайларының мұраларын қорғап, халыққа насихаттау мақсатында ғылыми-танымдық экскурсиялар, облыстық «Қоғам ТВ», «Қазақстан-Қызылорда» телеарналарында хабарлар мен сұхбаттар өткізу,  облыстық «Сыр бойы», «Ақмешіт апталығы», «Сыр табиғаты», «Табиғат тынысы» газеттері мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Хабаршысы», «Сыр түлегі» және басқа да басылымдарға ғылыми мақалаларын жариялау жоспарлануда.

Ғылыми ұйымдармен байланыс

География институтымен және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Елтану» кафедрасы, Ы.Жахаев ат. Қызылорда күріш ғылыми-зерттеу институтымен  тәжірибе алмастыру жұмыстарын жүргізуде. Облыстық өлкетану мұражайымен бірлесе отырып «Қызылорда облысының киелі жерлері географиясы» экспедициясын ұйымдастыру.

гео.png

 

Айдаров Оразхан Тұрсынқожаұлы 

Білімі: Абай ат. КазПИ, 1994 ж., географ-эколог

Қызметі: «GEOCLUВ» ғылыми-зерттеу  өлкетану    үйірмесінің жетекшісі, г.ғ.к., «Биология, география және химия»

БББ-ның аға оқытушысы.

 Ғылыми бағыты: Сыр өңірінің географиясы мен туризмі, экологиясы.

 

гео2.png

 

Тоқтағанова Гүлжас Боданқызы

Білімі: әл-Фараби ат. ҚазҰУ.,     магистратура - 2000 ж., географ.

Қызметі: «GEOCLUВ» ғылыми-зерттеу өлкетану үйірмесінің аға ғылыми қызметкері, РһD философия докторы, Биология, география және химия БББ жетекшісі.

Ғылыми бағыты: Сыр өңірінің әлеуметтік – экономикалық  жағдайы, ландшафт  экологиясы.

 

гео3.png

Таженова Сандуғаш Қалмақанқызы

Білімі: әл-Фараби ат. ҚазҰУ.,     магистратура - 2000 ж.,  географ.

Қызметі: «GEOCLUВ» ғылыми-зерттеу өлкетану  үйірмесінің кіші ғылыми қызметкері, география ғылымдарының магистрі, Биология география және химия» БББ-ның аға оқытушысы.

Ғылыми бағыты: Сыр өңірінің  жер – су атаулары және олардың  географиялық мәселелері.

 

гео4.png

 

гео5.png

 

гео6.png

гео7.png
гео8.png гео9.png

 

гео10.png гео11.png гео12.png

 

гео13.png

 

гео14.png

 

гео15.png гео16.png

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...