Виза және көші-қон мәселелері
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

Виза және көші-қон мәселелері

Студенттік виза :С9

C9 визасы бір жылдың ішінде Қазақстан Республикасына бірнеше рет кіру/шығу мүмкіндігі қарастырылған және жыл сайын жаңартылатын виза түрі.

Қазақстан Республикасына (ҚР) виза ресімдеу:

ҚР-ға кіру жүзеге асырылған шетелдік паспорттың түпнұсқасы (оның қолданылу мерзімі визаның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 айдан ерте аяқталмауы тиіс және виза мен мөртабандарды алуға арналған кемінде 2 бос беттен тұруы тиіс);

Консулдық алым (KSU шотына 30 АЕК виза үшін төлем);

● Фотосуреті бар толтырылған визалық сауалнама;

● Дактилоскопиядан өту туралы анықтама;

● МКТ  мекенжай коды.

 

Визалық шақыруды алу (шетелде виза беру):

 

Шетелдік студенттен қажетті құжаттар:

● ҚР-на кіру жүзеге асырылған шетелдік паспорттың түпнұсқасы (оның қолданылу мерзімі визаның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 айдан ерте аяқталмауы тиіс және виза мен мөртабандарды алуға арналған кемінде 2 бос беттен тұруы тиіс);

Халықаралық кеңсеге студент виза алу үшін құжаттарды тапсыратын елшіліктің мекен-жайы мен тұру мекен-жайын ұсыну.

*Құжаттар тізімін ҚР Елшілігінде / Консулдығында, виза беру орны бойынша нақтылау қажет (қажетті құжаттар тізімін тексеру өтініш берушінің дербес жауапкершілігі).

C3 жұмыс визасы

C3 визасы бір жылдың ішінде Қазақстан Республикасына бірнеше рет кіру/шығу мүмкіндігі қарастырылған және жыл сайын жаңартылатын виза түрі.

Қазақстан Республикасына (ҚР) виза ресімдеу:

Шетелдік қызметкерден қажетті құжаттар:

● ҚР–ға кіру жүзеге асырылған шетелдік паспорттың түпнұсқасы (оның қолданылу мерзімі визаның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 айдан ерте аяқталмауы тиіс және виза мен мөртабандарды алуға арналған кемінде 2 бос беттен тұруы тиіс);

● Консулдық алым (KSU шотына 30 АЕК виза үшін төлем);

● Фотосуреті бар толтырылған визалық сауалнама;

● Дактилоскопиядан өту туралы анықтама;

● Нострификацияланған диплом (оқытушылық қызмет үшін);

● Апостиль қойылған неке және туу туралы куәліктер (отбасы мүшелерінің визасына өтініш берген кезде);

● Еңбек шартының көшірмесі;

●МКТ мекенжай коды.

Визалық шақыруды алу (шетелде виза беру):

 

Шетелдік қызметкерден қажетті құжаттар:

● ҚР–ға кіру жүзеге асырылған шетелдік паспорттың түпнұсқасы (оның қолданылу мерзімі визаның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 айдан ерте аяқталмауы тиіс және виза мен мөртабандарды алуға арналған кемінде 2 бос беттен тұруы тиіс);

● Халықаралық кеңсеге қызметкер виза алу үшін құжаттарды тапсыратын елшіліктің мекен-жайы мен мекен-жайын ұсыну;

● Нострификацияланған дипломның көшірмесі (оқытушылық қызмет үшін);

● Апостиль қойылған неке және туу туралы куәліктердің көшірмелері (отбасы мүшелерін визаға беру кезінде);

● Еңбек шартының көшірмесі.

 

 *Құжаттар тізімін ҚР Елшілігінде / Консулдығында, виза беру орны бойынша нақтылау қажет (қажетті құжаттар тізімін тексеру өтініш берушінің дербес жауапкершілігі).

Визалық және көші-қон мәселелері (ТМД елдері үшін)

ТМД елдерінен келген студенттер үшін ҚР-ға келгеннен кейін уақытша тұруға рұқсат (УТР) ресімделеді.

 

Шетелдік студенттер үшін қажетті құжаттар:

● ҚР-ға кіру жүзеге асырылған шетелдік паспорттың түпнұсқасы (оның қолданылу мерзімі визаның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 айдан ерте аяқталмауы тиіс және виза мен мөртабандарды алуға арналған кемінде 2 бос беттен тұруы тиіс);

● Дактилоскопиядан өту туралы анықтама;

● ЖСН;

 KSU жатақханасында тұрмаған жағдайда пәтер иесінің тұруға нотариаттық келісімі (егер келісім студенттің ата-анасына жазылған болса, туу туралы куәлік беру қажет болады);

●МКТ мекенжай коды.

Шетелдік қызметкер үшін қажетті құжаттар:

● ҚР-ға кіру жүзеге асырылған шетелдік паспорттың түпнұсқасы (оның қолданылу мерзімі визаның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 айдан ерте аяқталмауы тиіс және виза мен мөртабандарды алуға арналған кемінде 2 бос беттен тұруы тиіс);

● Дактилоскопиядан өту туралы анықтама;

● ЖСН;

● Еңбек шартының көшірмесі;

● Отбасы мүшелерінің УТР берген кезде неке/туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары (нотариалды куәландырылған аудармалары) ;

KSU жатақханасында тұрмаған жағдайда пәтер иесінің тұруға нотариаттық келісімі;

● МКТ мекенжай коды.

МАҢЫЗДЫ

*  Қызылорда қаласында тұратын шетелдік қызметкерлердің мекен-жайларында қандай да бір өзгерістер болған жағдайда, бұл өзгерістер туралы ХЫБ менеджеріне хабарлау қажет.

* Шетелдік азамат өзінің әрбір кіруі / шығуы туралы ХЫБ менеджеріне хабарлауы тиіс.

* Қолданыстағы ережелерге сәйкес қабылдаушы тарап (Университет) көші-қон қызметін шетелдік азаматтың ҚР-ға келгені, сондай-ақ тұрғылықты жерінің ауысқаны туралы хабардар етуге міндетті. Мұны шетелдік келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жасау керек.

* Кіру тәртібіне қарамастан барлық жағдайларда – виза, УТР немесе визасыз режим шеңберінде хабарлама талап етіледі. Хабарламаны қабылдаушы тарап береді. Шетелдік азамат үшін көші-қон қызметіне жүгінудің қажеті жоқ.

* Келу туралы уақытылы хабарламау 10-нан 20 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...