Корпоративтік хатшы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

Корпоративтік хатшы

IMGL9236.JPG

Темирова Акмарал Болатовна
Корпоративтік хатшы, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

 

Корпоративтік хатшының міндеттері және негізгі функциялары:
1) Қоғам органдары мен лауазымды адамдарының корпоративтік басқару саласындагы Заңнаманы, Қоғам Жарғысы мен ішкі құжаттарын сақтауын, сондай-aқ корпоративтік басқару саласындағы саясат пен практиканы жетілдіруді қамтамасыз ету;
2) Директорлар кеңесінің тиімді қызметін қамтамасыз ету;
3) Қоғам туралы маңызды ақпаратты сақтауды, ашуды және ұсынуды, сондай-aқ ақпараттық ашықтықтың жоғары деңгейін қолдауды қамтамасыз ету.

Корпоративтік хатшыға мынадай функциялар жүктеледі:
1) өз құзыреті шегінде Қоғамның лауазымды тұлғаларына Заңнамаға және Қоғамның ішкі құжаттарына байланысты мәселелер бойынша консультациялар беру және ұйымдастыру;
2) Директорлар кеңесін Қоғамда анықталған Заңнаманың және Қоғамның ішкі құжаттарының бұзылуы туралы хабардар ету;
3) Қоғамның ішкі құжаттарын әзірлеуге, қайта қарауға қатысу;
4) Қазақстан Республикасында, шетелде корпоративтік басқару саласындағы қолданыстағы практиканы, үрдістерді, даму перспективаларын мониторингілеу және талдау және лауазымды тұлғаларға, тиісті органдар мен Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына ақпарат, ұсынымдар енгізу.

Корпоративтік басқару принциптері:
- өкілеттіктерді шектеу принципі;
- акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау принципі;
- Директорлар кеңесі мен Басқарманың Қоғамды тиімді басқару принципі;
- тұрақты даму принципі;
- тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит принципі;
- корпоративтік даулар мен мүдлделер қақтығысын реттеу принципі;
- Қоғам қызметі туралы ақпаратты ашудың ашықтығы мен объективтілігі принципі.

 

E-mail: Eldana@korkyt.kz 
Байланыс номері: 
Мекен-жайы: Әйтеке би көшесі 29А, бас оқу ғимараты 405-кабинет

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...