Мұражай
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

Мұражай

Университет музейі туралы ақпарат
 
Мұражай меңгерушісі: Ырза Бекзат Шәкімұратқызы
Байланыс телефоны: +7 707 787 0297
Жұмыс уақыты: Дс-Жм, 09:00-18:30
 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің фотосуреттер галерея музейі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің фотосуреттер галерея мұражайы университетіміздің 60 жылдық мерейтойына орай 1997 жылдың 17 қарашасында ашылды. Мұражайда әр түрлі құжаттық материалдар мен фотосуреттері, фотостенділер мен диаграмма-схемалары бар 57 экспозиция ұсынылған.
Қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қалыптасу тарихында өзіндік қолтаңбалары қалған, есімдері еліміздің жоғары білім беру ісінде өз орнын алған белгілі тұлғаларды мақтанышпен атай аламыз. Фотосуреттер галереясының арнайы бір блогы жоғары оқу орнына басшылық жасап, оның дамып, қалыптасуына өз үлестерін қосқан тұлғаларға арналған.
1937 жылдан бастап күні бүгінге дейінгі тарихи кезеңде білім ордасында ректор болып қызмет атқарған белгілі ғалым-ұстаздар, іскер ұйымдастырушылар.
Мекен-жайы: Студенттер сарайы
 
WhatsApp Image 2023-01-23 at 09.47.48.jpeg WhatsApp Image 2023-01-23 at 09.47.49.jpeg
фото-галерея музейі.JPG фото-галерея 3.JPG
 
Археология және этнография ғылыми зерттеу орталығының көрме залы
«Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының көрме залы 2011 жылдың 7-желтоқсанында ашылған.
Көрме залына Сыр өңіріндегі археологиялық және тарихи-мәдени ескерткіштердің зерттелу тарихына, өлкеде өркендеген археологиялық мәдениеттерге байланысты дайындалған арнайы тақырыптық стендтер мен археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер қойылған.
Мекен-жайы: Бас оқу ғимараты
 
05.jpeg Археологиялық көрме залы.JPG
 
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген гидротехнигі Мәделхан Нәлібаев атындағы су шаруашылығы музейі
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген гидротехнигі Мәделхан Нәлібаев атындағы су шаруашылығы музейінің салтанатты ашылу рәсімі 2022 жылдың, 22 сәуірінде өтті.
Музейде Сыр еліндегі ежелгі елді мекендердің суландыру жүйелерінің пайда болу кезеңінен бастап, бүгінге дейінгі даму тарихы баяндалған. Аймақтың байырғы сыр мұрабтарының өмірі, ізін жалғастырған инженер-гидротехниктердің еңбегі, олардың зерттеулері мен карталары, тас бөгеті мен су тораптарының салынуы, су-шаруашылығы саласының өсіп өркендеуі суреттелген.
Мекен-жайы: № 5 оқу ғимараты
 
Спорт даңқы мұражайы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры, академик Бисенов Қылышбай Алдабергенұлының қолдауымен 2018 жылы 15 қаңтарды өскелең ұрпаққа университеттен шыққан, Қазақ елінің атын әлемге танытқан атақты спортшыларды насихаттау, оларды мақтан тұтып, спорттық даңқты әрі қарай жалғастыратын жастарды тәрбиелеу мақсатында «Спорт даңқы мұражайы» ашылды.
Бұл мұражайдың университет, облыс тарихында алатын орны ерекше. Мұражайға атақты спортшылардың фотосуреттері, дипломдары, кубоктары, ескерткіш сыйлықтары, спортта пайдаланған спорттық заттары қойылды. Сонымен қатар, «Дене шынықтыру және сбастапқы әскери дайындық» кафедрасының негізін қалаушы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Н.И.Шиндиннің өмірдерегі, портреті, еліміздің әр аймағында басшылық қызмет атқарып, дене шынықтыру және спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген түлектердің суреттері, қызметтері, профессор Ж.Егізбайұлының ғылыми еңбектері, кафедраға басшылық жасаған тұлғалардың фотосуреттері және т.б. қойылды. Мұражай жыл сайын спортшылардың, түлектердің жетістіктерімен толықтырылып келеді.
Мекен-жайы: № 9 оқу ғимараты
Байланыс телефон: +7 707 787 0297
photo_5364028731385038831_y.jpg photo_5364028731385038832_y.jpg
 
Зоологиялық музейі
Мамандар даярлауда, кафедраның материалдық базасын нығайту барысында 2000 жылы «Биология, география және экология» кафедрасының меңгерушісі биология ғылымдарының кандидаты, профессор Төрехан Кемелқызының бастамасымен «Зоологиялық» музейі ұйымдастырылды. Музейдің құрылуына бастамашы болып, өз үлестерін қосқан оқытушы-профессорлар: Ө.С. Тапалов, Р.Х. Құрманбаев, О.Т. Айдаров.
Кафедраға қарасты зоологиялық музейдің жәдігерлерімен толығуына үлкен үлес қосқан доцент Ө.С.Тапаловтың орны ерекше.
Музей жәдігерлерінің ішінде 1937 жылдан келе жатқан итбалық (тюлень), киік, қасқыр, жанат тәрізді ит, қабан, су құстары мен орман тоғай құстары бар.
Барлығы 215 экспонат бар.Оның: сүт қоректілері – 30, қос мекенділер – 4, балықтар – 14, құстар – 44, бауырымен жорғалаушылар – 12, мұхит және теңіз жануарлары (омыртқасыздар) – 15, паразиттер – 8, насекомдардың энтомологиялық коллекциялары – 50. Жануарлар қаңқалары мен анатомиялық ішкі құрылыстары көрсетілген ылғалды препараттармен толықтырылған.
Мекен-жайы: № 9 оқу ғимараты
 
photo_5364028731385038825_y.jpg photo_5364028731385038827_y.jpg
photo_5364028731385038829_y.jpg photo_5364028731385038826_y.jpg
   
 
   
 
 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...