«Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

«Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының тарихы

«Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының тарихы 1937 жылдан басталады. Сол кезден бері қарай қаншама ірі ғалым-пофессорлар еңбек етіп келеді. 1937-1947 жылдар аралығында «Тіл және әдебиет» кафедрасы болып аталды. Білім беру бағдарламаларында Ә.Төлеуов, М.Киікбаев, К.Мақашев, Р.Алшынбаев, Ә.Ермеков тәрізді алғашқы тіл мамандарымен әдебиетшілер еңбек етті. Сонымен қатар ірі ғалымдар Р.Алшынбаев, І.Кеңесбаев, Ә.Қоңыратбаев, Ж.Елмұратов, Н.Жүнісов, А.Шамшатова, Ә.Әблақов, М.Бимағанбетов, Ә.Байжолов, Ә.Өтеулі, Т.Сайрамбаев, М.Достанов,  Н.Нұржанов, П.Махмұтов сынды ғалымдар  білім беруде сүбелі үлес қосты.  
 
«Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасында 3 ғылым докторы, 4 профессор, 16 ғылым кандидаты, 1 PhD,  8 ғылым  магистрі еңбек етеді. Қазіргі таңда білім беру бағдарламасының жетекшісі – ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор  Ә.Б.Алмауытова. Кафедрада қазақ тілі мен әдебиеті, филология және журналистика мамандығы бойынша  мамандар даярланады.
 
2017-2022 жылдар аралығында студенттердің республикалық пәндік олимпиадаларында 6В01721-Қазақ тілі мен әдебиеті БББ бойынша екі мәрте 2-орын (Қостанай педагогикалық университеті, Қазақ Ұлттық университеті), бір рет 3-орын (Павлодар педагогикалық университеті, жетекшісі – Б.Е.Боранбай), 6В02336-филология БББ бойынша 1 рет 2-орын (Көкшетау) (жетекшісі – А.Абасилов), 6В03237-Журналистика БББ бойынша 3 мәрте 2-орын (Қарағанды, Павлодар, Атырау), 1 рет 3-орын (Түркістан, жетекшілері –А,Жолмаханова, Г.Есімова, А.Әбдіразақова, А.Оразова) иеленді.
 
2022  жылдың  28 мамырында М.Қозыбаев атындағы Батыс Қазақстан университетінде өткен республикалық студенттер ғылыми жобасында 6B03237 – Журналистика (Телерадио) мамандығы бойынша А.Абимолдаев (жетекшісі: А.Абдразахова)  3-орынды иеленді.
 
2018-2022 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы негізінде «Cыр сүлейлері шығармаларының тәлім-тәрбиелік, дүниетанымдық және ұлттық сипаттарының «Мәңгілік Ел» рухында жырлануы», «Аймақ эпиграфикасы: рухани жаңғыру және ұрпақ сабақтастығы (Қызылорда облысының материалдары бойынша)», «Қазақ эмигранттарының естеліктері: жанрлық, стильдік ерекшелігі және тарихи маңызы»  ғылыми жобалары жүзеге асырылды. Кафедра ғалымдары осы үш жобаның алғашқы екеуін «Қорқыттану және өлке тарихы» ҒЗИ арқылы жүзеге асырса, соңғысы кафедрада орындалды.
 
Ғ.Ә.Тұяқбаев 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру  Қазақстанның рухани әулиелері. Қазақстанның киелі географиясы мамандандырылған бағыты бойынша «Қызылорда облысының тарихи топонимдері: когнитивтік, әдеби негіздері және ұлттық код» ғылыми жобасы бойынша жұмыс атқарылып келеді, сонымен қатар  А.М.Абасилов ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитетінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру бойынша «Ұлы дала тұлғаларының «тіл және қоғам» мәселелері туралы ой-тұжырымдарын талдау (әлеуметтік лингвистикалық зерттеу)» тақырыбындағы ғылыми жобасы жүзеге асырылуда.
Кафедра оқытушы – профессорларының мақалалары  Скопус базасындағы халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланады.
 
«Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасында Қызылорда облыстық, қалалық білім беру мекемелерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді. Мамандықтар бойынша облыс, қала мектептерімен, ақпарат құралдарының басшыларымен 30-дан астам келісім-шарт жасалды.
 
«Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының миссиясы

Қазақ тілі мен әдебиеті, журналистика мамандығы бойынша білім беруде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, университеттің даму мақсаттарына орай оқу үрдісін білім берудің әлемдік үздік тәжірибелеріне сай инновациялық технологиялармен қамтамасыз ету.
 
 
Байланыстар

501.png Алмауытова Әсия Базарбайқызы                    
___________________________________              

Білім беру бағдарламасының жетекшісі, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты

503.png almauytova73@mail.ru                                                

 telephone.png    8 705 671 0517

«Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасы

>  «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасы мамандарды келесі білім беру бағдарламалары бойынша даярлайды: 
Бакалавриат
6В01721 - Қазақ тілі мен әдебиеті;
6В02336 - Қазақ филологиясы;
6В03238 - Журналистика (Телерадио);
Магистратура
7М02336 - Филология;
7М01724 - Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау;
Докторантура:
8D01721 - Қазақ тілі мен әдебиеті 

Профессор-оқытушылар құрамы

Алмауытова Әсия Базарбайқызы

  • Лауазымы: Білім беру бағдарламасының жетекшісі, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Ермағанбетова Зухра Нұрғалиқызы

  • Лауазымы: Филология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Айтбаева Айман Ералықызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Сарышова Күлдірсін Сейтжанқызы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Боранбай Болат Елтайұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Жолмаханова Ақерке Болатқызы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, PhD
  • Ақпарат

Бекмағанбетова Гүлмира Шанжарханқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Абилов Алдажар Абдурасуллеевич

  • Лауазымы: Доцент, филология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Абасилов Аман Маделханұлы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Айтимов Мұратбек Кенжебайұлы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының докторы
  • Ақпарат

Бахтиярова Сара Бахтиярқызы

  • Лауазымы: Доцент, филология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Жанбершиева Ұлжан Нахатқызы

  • Лауазымы: Профессор, филология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Тұяқбаев Ғабит Әнешұлы

  • Лауазымы: Профессор, филология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Баялиева Гүлмира Жарылқасынқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, филология ғылымдарының канидаты
  • Ақпарат

Бекмағамбетов Шанжархан Бекмағамбетұлы

  • Лауазымы: Доцент, филология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Төлебаева Айдынгүл Тойбазарқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, магистр
  • Ақпарат

Оралова Гүлзира Сапарқызы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Жүзеев Серікхан Әлханұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Ақпарат

Оразова Асыл Қожабайқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Ақпарат

Абдразақова Аякөз Қожамырзақызы

Құдайбергенова Күнімжан Тыныштықбекқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Ақпарат

Сүйінтаева Қарлығаш Елтайқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, магистр
  • Ақпарат

«Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының қабылдау комиссиясы

Бакалавриат: 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты

Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99

Магистратура және докторантура: 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты

Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99

Қабылдау уақыты 
Дүйсенбі - жұма сағ. 9:00-18:00
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі 

korkyt_ata_university - Instagram талапкерлерге Қорқыт Ата университетіне оқуға түсу туралы көбірек ақпарат алуға болады.

TUT NEWS BY CATEGORY

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...