Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Педагогика және дәстүрлі өнер институт директорының орынбасары бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 қазан 2022
  • 1801

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Педагогика және дәстүрлі өнер институт директорының орынбасары бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Институт директорының орынбасары білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын және жоғары білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін  басқа да нормативтік құқықтық актілерді; білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары мен перспективаларын; оқу-тәрбие процесінің мәселелері бойынша отандық және шетелдік жетістіктерді; педагогиканы, психологияны; оқу-тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесін; сәйкес мамандықтың негізгі ғылыми проблемаларын; кадрлар біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарды; оқу жұмыстары бойынша құжаттамалар жүргізу ережелерін;  экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалықты;  еңбек қорғау ережелері мен нормаларын,  қауіпсіздік техникасы және өрттен сақтану ережелері мен нормаларын.

Институт директорының орынбасарының біліктілік талаптары: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі немесе білім беру ұйымдарында басшы қызметтерде немесе мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.10.2022ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, адами ресурстарды басқару басқармасы, 205 каб.; e-mail: otdelkadrov_kgu@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...