Ғылым мен білім жолында: Шырынкүл Кішкентайқызы - 60 жаста
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 ақпан 2025
  • 329

Ғылым мен білім жолында: Шырынкүл Кішкентайқызы - 60 жаста

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ғалым Шырынкүл Тухмарованың 60 жас мерейтойына арналған Гуманитарлық-педагогикалық институты Кеңесінің салтанатты мəжілісі өтті.
Шырынкүл Кішкентайқызы - «Тарих және археология» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты. Педагог 1995 жылдан бастап Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Гуманитарлық педагогикалық институтының “Тарих және археология”  білім беру бағдарламасының  аға оқытушысы қызметін атқарып келеді.
Салтанатты жиында Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай ғалымның университет тарихында өз қолтаңбасын қалыптастырған тұлға екенін атап өтті. Білім және ғылым жүйесінің дамуына қосқан айрықша үлесі және білікті мамандарды дайындаудағы еңбегі үшін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Үздік оқытушысы»  және  білім мен ғылым саласындағы елеулі еңбегі үшін «Ахмет Байтұрсынов» атындағы алтын медалі табысталды.

P2866439.jpg

P2866588.jpg

P2866581.jpg

P2866597.jpg

Айта кетейік, жиынға ұстаздың замандастары, әріптестері, шәкірттері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты. Жиын соңында ғалымға жылы лебіздерін білдіріп, «Тарих және археология» білім беру бағдарламасы  студенттерінің концерттік кешімен қорытындыланды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...