Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасының – 0,5 штаттық бірліктегі ғылыми қызметкерінің уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 09 қыркүйек 2024
  • 321

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасының – 0,5 штаттық бірліктегі ғылыми қызметкерінің уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш; 
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;
4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 
6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.
Лабораторияның ғылыми қызметкері білуі тиіс: Жүргізілетін зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттары мен міндеттері, осы зерттеулер мен әзірлемелер бойынша отандық және шетелдік ақпарат, зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылаулар жүргізудің, ақпаратты жалпылау мен өңдеудің, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын қолдана отырып жүргізудің заманауи әдістері мен құралдары, Ғылым туралы заңнаманың негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек өрт қауіпсіздігі талаптары.

Лабораторияның ғылыми қызметкерінің біліктілік талаптары: Тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім және мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл, өнертабыстарға немесе ғылыми еңбектерге авторлық куәліктердің болуы. Ғылыми дәрежесі болған жағдайда-жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.09.2024ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, адами ресурстарды басқару басқармасы, 205 каб.; e-mail: otdelkadrov_kgu@mail.ru 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...