Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандары еске алынды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 31 мамыр 2024
  • 544

Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандары еске алынды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті “Шоқайтану” ғылыми орталығының ұйымдастыруымен 31 мамыр «Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай “Кеңестік саяси қуғын-сүргін: зерттеу мен зерделеу” атты танымдық кездесу өтті.

447232863_999005765302289_5698389616471743239_n.jpg

447443523_999005785302287_2479281498609349069_n.jpg

444154011_999005758635623_3855887168175518031_n.jpg

Шараны Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев кіріспе сөз сөйлеп, ашып берді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің “Гуманитарлық-педагогикалық” институтының директоры Сағат Тамшыбайұлы Қызылорда облысында Кеңес үкіметі кезіндегі НКВД (Народный комиссариат внутренних дел) түрмелерінде жазықсыз жазаланғандар жайында тарихи мәліметтермен бөлісті. Келесі кезекте тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Яхияұлы «Кеңестік қуғын сүргін:тарихы мен тағлымы» тақырыбында баяндама жасады.

Тағылымы терең шараға тарих пәні мұғалімдері мен жастар қатысып, құнды деректерге қанықты. Шара соңында тарихшы ұстаздар қатысушылардың тақырып төңірегіндегі сұрақтарына жауап беріп, ой-пікірлерімен алмасты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...