Құмар ойыны құрдымға апарады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 сәуір 2024
  • 641

Құмар ойыны құрдымға апарады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университетінің ұйымдастыруымен «Кұмар ойын − қоғам дерті» атты дөнгелек үстел өтті.  

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім Министрлігінің «Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы жастар саясатын жетілдірудің 2023-2024 жылдарга арналған жол картасына» сәйкес өткен шараға университет оқытушылары, теолог маманы, заң қызметкерлері мен студенттер қатысты. 

Шараның басты мақсаты – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе, әсіресе жастар арасында кең өріс алған ойын құмарлық, лудомания такырыптарында жастарға нақты ақпарат бере отырып, психопрофилактикалық жұмыстарын жүргізу.

Дөңгелек үстел барысында теолог, дін саласы бойынша республикалық-ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Бақтияр Есенгелдіұлы жастарға интернеттен діни мазмұндағы ақпараттар алудың қауіптілігі және жат ағымдардан сақтану жолдары аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

− Қазіргі кезең ақпараттық заманның тасыған уақыты. Білгің келген нәрсенің жауабын ғаламтор беттерінен тез, әрі оңай табуға болады. Түрлі ғаламтор желілерінің арасында адамға пайдасымен қоса, зиянын да беретін ақпараттар жетерлік. Соның бірі діннің атын жамылған деструктивті діни ағымдардың идеологиясын құрайтын ақпарат көздері. Сол ақпараттардың қайсысы қаншалықты дұрыс, қайсысы қаншалықты бұрыс екенін көп адамдар аңғара бермейді. Сондықтан кез-келген ақпаратты оқығанда  сенімді көздерден оқу қажет. Барлық дүниеге сен беруге болмайды, − деді.
Ал облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, талдау әзірмелеу тобының АМІЖ жедел уәкілі Нұрбол Әлкебайұлы лудомания дертінің зиянын айта келе осы тұрғыда департаменттің бүгінгі атқарып жатқан жұмысына тоқталды.

P2744686.jpg

P2744657.jpg

− Экономикалық тергеу органының қылмысты анықтау, тергеу бұл біздің күнделікті жұмысымыз. Сонымен қатар біз қылмыстың алдын алу, оны болдырмау үшін де жұмыс жасаймыз. Қоғамды қылмыстан тазарту үшін ең алдымен адамдар құқықтық жағынан сауатты болуы керек. Бүгінгі біздің мақсатымыз біреу, ол жастар арасында заңбұзушылық фактілерін болдырмау. Керісінше, жастардың қоғамдық жауапкершілігі мен белсенділігінің жоғары болуын қалаймыз. Және болашақта осы бағытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз, − деген ол  биылдың өзінде заңсыз ойын бизнесі бойынша 2 қылмыстық іс тіркелгенін айтты.

Атап айтқанда облыстағы аудан тұрғыны «Instagram» әлеуметтік желісінде тікілей эфирде бәс тігішілердің қатысуымен ойын ойнады. Түскен қылмыстық кіріс 13млн. теңгеден астамды құрады. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

- Соңғы 2 жылда департамент өндірісінде заңсыз ойын бизнесіне қатысты 23 қылмыстық іс болып, 22 ойын орны жабылды. Барлық қылмыстық істер аяқталып, соттың шешімі шықты. Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан «Кибернадзор» жүйесі арқылы 185 сілтеме бұғатталды, 5 аккаунт жойылып жұмысы тоқтатылды, − деді ол.

P2744669.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...