Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика білім беру бағдарламаларының телестудия  жетекшісіні лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 сәуір 2024
  • 1206

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика білім беру бағдарламаларының телестудия  жетекшісіні лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш; 
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;
4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 
6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Телестудия жетекшісі білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" білім беру ұйымдарының оқу процесін ұйымдастырудағы озық тәжірибесі; шарттарды жасасу және орындау тәртібін; этика және психология негіздерін; Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары білім немесе тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, орта кәсіптік), тиісті мамандық бойынша (біліктілігі) жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17:00 сағат 05.04.2024ж. Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, Адами ресурстарды басқару басқармасы, 205 каб.; e-mail: otdelkadrov_kgu@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...