Жазғы мектеп жұмысын бастады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 маусым 2022
  • 2271

Жазғы мектеп жұмысын бастады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи инструментарийлері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы басталды. Жазғы мектепке 100-ге жуық профессор-оқытушы мен құрылым басшылары, кафедра меңгерушілері қатысуда.
Курсты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, халықаралық педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Гүлнар Мұратбаева жүргізуде.
Жазғы мектеп барысында қатысушылар мына бағыттар бойынша білімін жетілдіруде:
•    Пәннің оқыту нәтижелерін жоспарлануын дамыту стратегиясы;
•    Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдерінің жүйесі;
•    Функционалдық сауаттылық – білім сапасын   бағалау нәтижесі;
•    Академиялық сауаттылық - метапәндік құзыреттілік өлшемі;
•    Бағалау  инструментарийлерін құрастыру логикасы;
Бүгін қатысушылар инновациялық технологиялар негізінде  білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бағыттарында  дәріс тыңдап, бірнеше топтарға бөлініп жобалық жұмыстар қорғады. 
Гүлнар Әбілқасымқызы тыңдаушылардың жоба қорғап, өз пікірлерін ортаға салып, кері байланыс орнату тәсілі жоғары деңгейде екенін айтып, ризашылық білдірді.  Айта кету керек, семинар мазмұнды әрі нәтижелі өтуде.

IMGL0051.JPG            IMGL0044.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...