Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 маусым 2022
  • 2157

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Еуропалық Одағының Эразмус+  бағдарламасының (610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPK2-CBHE-JP) «Информатика саласындағы PhD докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталығы» «ACeSYRI» жобасы аясында 2022 жылғы 9 маусымында «Оқу процесіндегі цифрлық трансформация және қолданбалы бағдарламалауды қамтамасыз ету» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Қатысушылар:«ACeSYRI» жобасы консорциумының серіктес - жоғары оқу орындары мүшелері, Қазақстан және ТМД жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар және студенттері.

Конференцияның мақсаты – Қазақстанның, ТМД және Еуропалық Одақтың(ЕО) университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сонымен қатар алыс-жақын шетелдік әріптестермен ғылыми тәжірибе алмаса отырып жас ғалымдарға ғылым саласындағы тәжірбиелерін, әдістерін бөлісу. Конференция ақпараттық технологиялар бойынша барлық салаларға үлес қоса алатын зерттеулерді іздеуге бағытталған.

Авторлар конференцияға төмендегі секциялар бойынша өз ғылыми мақалаларын ұсына алады:

- Ақпараттық, техникалық және экономикалық жүйелерді математикалық модельдеу және бағдарламалық қамтамасыз ету

- Ғылыми, жаратылыстану-ғылыми қызметтегі және өндірістегі цифрлық трансформация жағдайындағы технологиялық инновациялар

- Жүйелік бағдарламалау және бағдарламалық инженерия

- «Цифрлық дәуір: Оқытудың жаңа әдістемесі мен практикасы»

 

Конференция жұмысына қатысу, мақалалар жариялау және сертификат беру – тегін.

Баяндамалар конференциядан кейін жарияланады. Үздік деп танылған мақалалар «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы» журналында жарияланады. Конференцияның жұмыс тілдері -қазақ, орыс және ағылшын. Конференция бағдарламасына енгізу үшін қатысушы баяндаманың (мақаланың) атауы жазылған тіркеу фомасын толтырып, 2022 жылғы 8 маусымына дейін ұйымдастыру комитетіне электронды түрде жіберуі тиіс.

Материалдарды жариялау: 30 маусым 2022 ж. Жарияланған мақаланың электронды жинағы және сертификаттар авторларға жіберіледі.

Мақаланы жарияланымға шығару үшін келесі талаптарға сәйкес рәсімделуі тиіс:

Мақала мәтіні 5-7 бетке дейін және тіркеу формасы MSWord текстік редакторында орындалуы:

1. Кестелер, схемалар, суреттер аты қойылуы керек және Windows ортасында салынуы тиіс;
2. Шеттері: жоғарғы жағы- 2 см, төменгі жағы – 2 см, оң жағы- 2 см, сол жағы- 3 см;
3. Қаріп: Times New Roman, өлшемі – 12;
4. Аралық: бірлік;
5. Абзацтық шегініс («азат жол») – 1 см;
6. Бір бос жолдан кейін баяндама аты ортаға жазылады

Мазмұны:

7. ҒТАХР;
8. Баяндама тақырыбы астында бір жолдан (бос жол арқылы) кейін ортаға бас әріппен (қою шрифт) автордың тегі, аты, жөні жазылуы тиіс;
9. Төменде: жұмыс орындалған мекеменің және қаланың (немесе аудан) толық атауы (курсивпен) жазылуы тиіс;
10. Мақаланың мазмұнына байланысты кілт сөздер (қазақ/орыс және ағылшын тілдерінде);
11. Түйін қазақ/орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады;
12. Бір жолдан кейін (бос жолдан соң) азат жолдан мақала мәтіні басталады;
13. Мәтін соңына әдебиеттер тізімі құрылып, ретпен орналастырылады;

 

Өтініш

Тегі, аты, жөні (толық)

 

Оқу орны/ жұмыс орны

 

Ғылыми дәрежесі, атағы

 

Баяндама тақырыбы

 

Секция

 

Адрес, телефон, электронды поштасы

 

 

Конференция материалдары электрондық поштаға (e-mail) жіберіледі: korkytconf.2022@gmail.com

Жауапты: Адранова Асельхан Бағдатовна: +77026894389, Қайырбек Анель Қанатқызы  +77770045273 (What'sApp)

Телефондар: 8 (724) 2 27-28-61 (124) (инженерлі-технологиялық институты)

Ұйымдастыру комитетіне жіберілген баяндаманы іріктеу құқығы беріледі.

 

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:

Мақала тақырыбы

ҒТАХР: *******

Автор ТАЖ

Техника ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры. Қызылорда, Қазақстан

Автор ТАЖ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің магистранты. Қызылорда, Қазақстан

 

Аңдатпа

Мақсаты. Әдіс. Нәтиже. Қорытынды.

Abstract

Background. Methods. Result. Conclusion.

Кілт сөздер: кілт сөз; кілт сөз; кілт сөз.

Keywords: keyword; keyword; keyword

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...