Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша ғылыми орталық ашылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 маусым 2022
  • 2271

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша ғылыми орталық ашылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша ғылыми орталық ашылды.

Орталықтың негізгі мақсаты – уәкілетті органға талдамалық жұмыс, қоғамдық мониторинг пен ғылыми зерттеулер жүргізуге жәрдемдесу. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеумен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы дамытумен, салалас халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын пысықтаумен айналысады.

«Бұл орталық оқу орны ғалымдары мен білім алушыларының ғылыми әлеуетін кеңінен пайдалануға мүмкіндік бермек.Орталықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар жасау,  комплаенс-офицерлерді оқыту, олардың біліктілігін арттыру сияқты ғылыми ұсыныстар беру  жоспарда бар.Үлкен сенім әрі жауапкершілік жүктеген орталықтың қызметі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын жетілдіруге жаңа серпін береді деп сенемін»,-деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Бейбіткүл Кәрімова. 

Басқосуға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаев, департамент басшысының орынбасары Бақытжан Ниязов, «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы Ляззат Бақтыбаева және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

90.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...