Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жаратылыстану институтының директоры бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 қаңтар 2024
  • 1016

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жаратылыстану институтының директоры бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі  құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралымәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Жаратылыстану нститутының директоры білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Жалпыға ортақ әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» заңдарын және жоғары білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін  басқа да нормативтік құқықтық актілерді; білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын жасау тәртібін; оқу жұмыстары бойынша құжаттамалар жүргізу ережелерін; педагогиканы, физиологияны, психологияны; кәсіптік оқыту әдістемесін; студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің заманауи түрлері мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалықты; еңбек қорғау ережелері мен нормаларын,  қауіпсіздік техникасы және өрттен сақтану ережелері мен нормаларын.

Жаратылыстану институтының директорының біліктілік талаптары:  жоғары және (немесе) жоо кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі болуы, білім беру ұйымдарында басшы қызметтерде немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 29.01.2024 ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, HR қызметі, 205 каб.; e-mail: otdelkadrov_kgu@mail.ru.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: адами ресурстарды басқару басқармасының басшысы 8(7242)27-86-28.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...